21
қазан
2025
«English Kahoot» атты сыныптан тыс іс-шара
Экперименталды алаң бағдарламасы аясында «ENGLISH SPEAKING» жобасы негізінде 2025 жылдың қазан айында ағылшын тілі пәні мұғалімі Есенаманова М. «English Kahoot» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл іс-шара 10 сынып оқушыларының қатысуымен, заманауи форматта – Kahoot! онлайн викторинасы арқылы ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, лексикалық және грамматикалық білімдерін тексеру және дамыту, командалық жұмыс пен тез ойлау қабілеттерін жетілдіру болып табылды. Мұндай шығармашылыққа негізделген сабақтан тыс жұмыстар – оқушылардың тілді меңгеруге деген ынтасын күшейтеді.