15
сәуір
2025
"Spelling bee" атты сыныптан тыс іс-шара
N5 Ақарал ЖОББМГ-да жас мамандар апталығы аясында оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, олардың сөздік қорын кеңейту, дұрыс емле жазу дағдыларын дамыту және тілге деген қызығушылығын ояту мақсатында ағылшын тілі мұғалімі Есенаманова Меруерт "Spelling bee" атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Spelling Bee – бұл оқушылар арасында ағылшын сөздерін дұрыс әрі анық айту мен жазу қабілетін тексеруге арналған қызықты әрі танымдық жарыс. Іс-шара барысында қатысушыларға әртүрлі деңгейдегі ағылшын сөздері айтылады, ал олар сол сөздерді дұрыс әріптеп айтуы тиіс. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, соңында ең мықты емле шебері анықталады.
Күтілетін нәтиже:Ағылшын тілінде сауатты жазу мен сөйлеу қабілеттерін дамыту Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру Достық қарым-қатынас пен командалық жұмысқа үйрету Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілетін жетілдіру
