«Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингі өткізілді. » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингі өткізілді.
14
қараша
2025

«Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингі өткізілді.

14.11.2025ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында  З.Дауренбекованың жетекшілігімен мұғалім мен оқушы арасындағы этикалық, сыпайы және сенімді қарым-қатынас қағидаларын қалыптастыру; эмпатия, тыңдай білу, әділдік сияқты кәсіби қасиеттерді дамыту;  қиын жағдайларда әдептілік сақтаудың жолдарын көрсету мақсатында «Мұғалім мен оқушы арасындағы әдепті қарым-қатынас» коучингін өткізді.

 Іс-шараның кіріспе бөлімінде  «Әдеп» ұғымын талдап, коучинг ережесімен таныстырды. Теориялық бөлімінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас түрлері, әдептілік қағидалары туралы ой қозғалды.

Коучинг барысында жасөспірімдер мен ұстаздардың арасындағы өзара қарым - қатынас жасау мәселесі бойынша ұсыныстар берілді:

-баланың дұрыс емес жасаған іс - әрекетін түсіндіре білу;

-бос сөздермен айқайлай бермеу;

-ішкі жан дүниесіне үңіле білу;

-жылылық таныту;

-қамқор жанның бірі ұстазы екенін сезіндіру;

-келешектің кемелдену тікелей сол балаларға қатысты екенін білдіріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.

 Қатысушылар әр түрлі жағдаяттар: «Қиын оқушы», «Қателескен мұғалім», «Сенімсіздік»   рөлдік ойын арқылы талдау жүргізді.

- «3 сөз – 1 қарым-қатынас» әдісі арқылы рефлексия жасалды. 

- SWOT-талдау (өз қарым-қатынасын бағалау жүргізілді). 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив