04
наурыз
2025
“Жүректен шыққан шынайы жауап” тұлғалық қарым-қатынас тренингі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 04 наурыз 2025жылы “Жүректен шыққан шынайы жауап” тұлғалық қарым-қатынас тренингі мектеп білім алушыларымен өткізілді. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, эмпатия мен шынайылықты арттыруға бағытталған тренинг. Оның мақсаты – қатысушыларға өз сезімдері мен ойларын ашық және шынайы түрде білдіруге мүмкіндік беру. Тренинг арқылы адамдар бір-бірін тыңдай білу, өзара түсіністік орнату және шынайы жауаптар арқылы қарым-қатынасты жақсарту дағдыларын меңгереді. Бұл тренингтің негізгі идеясы – адамның жүрегінен шыққан, шынайы жауаптар арқылы қарым-қатынаста терең байланыс орнату және жеке тұлғаның ішкі даму процесін қолдау. Мектеп психологы: С.Сабыралиева, Д.Увалиева
