27
ақпан
2025
“Алғыс айту — жақсылыққа дарыту” тақырыбындағы мектеп психологымен қарым-қатынас сағаты
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 27 ақпан 2025жылы “Алғыс айту — жақсылыққа дарыту” тақырыбындағы мектеп психологымен қарым-қатынас сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: ата-аналар мен оқушыларға алғыс айту мен ризашылықтың маңыздылығы туралы қысқаша айтып өтілді.
Оқушыларды бір-біріне алғыс білдіруге үйрету және әлеуметтік ортада позитивті атмосфера қалыптастыру.
- Психолог оқушыларға тақырып бойынша қысқаша түсінік берді: «Алғыс айту — бұл өзіміздің жанымыздың тазалығын көрсету, жақсы сөздер мен қимылдар арқылы бір-бірімізге қуаныш сыйлау». Алғыс айту тек сөзбен ғана емес, іс-әрекет арқылы да көрсетілуі мүмкін.
- Алғыс айтудың денсаулыққа, психологияға және қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні туралы айтылды.
- Оқушыларға «Алғыс айту» күніне орай бір-біріне алғыс айту немесе өмірде алғыс білдірген сәттері туралы әңгімелеп беруді ұсыну.
- Алғыс айту дағдыларын дамыту мақсатында қарапайым әрекеттер мен қадамдар ұсыну: «Қалай алғыс айтуға болады?» деген сұрақ қойылып, жауаптар тыңдалды. Мектеп психологы: С.Сабыралиева,Д.Увалиева
