16
қазан
2025
«Quiz Show» атты зияткерлік сайыс
2025 жылдың 16 қазан күні эксперименталды алаң бағдарламасы аясында «ENGLISH SPEAKING» жобасы негізінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есенаманова М. «Quiz Show» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.Сайыс барысында оқушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады: сөздікпен жұмыс, грамматикалық сұрақтар, логикалық тапсырмалар және елтану тақырыбындағы викториналар. Әр команда белсенділік танытып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.Іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар командалық жұмыс жасау мен ағылшын тілінде ойлау дағдыларын жетілдіріп, жағымды әсер алды.