«Педагогтың адалдығы: қызметтік ақпаратты дұрыс пайдалану» кеңейтілген ақпараттық сессия
10.12.2024ж. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Айтбаевтың жетекшілігімен педагогтарды қызметтік ақпараттарды тек кәсіби мақсатта пайдалануға шақыру және олардың жеке пайдакүнемдік мақсаттардан аулақ болуын қамтамасыз етуге үйрету үшін мектептегі ұстаздармен «Педагогтың адалдығы: қызметтік ақпаратты дұрыс пайдалану» кеңейтілген ақпараттық сессия жүргізді. Іс-шара барысында мұғалімдерге кәсіби адалдықты сақтаудың маңыздылығын жеткізу және өз міндеттерін жоғары деңгейде орындауға ықпал ету мәселесі қаралды. Мұғалімдерге қызметтік ақпараттарды жеке мақсатта пайдаланбауға және кәсіби міндеттерін адал әрі әділ орындауға арналған кеңестер берді. Мұғалімдердің этикалық кодексін сақтаудың маңызы және оның кәсіби өсуіне ықпалын көтеру көзделіп, кейс тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, іс-шара нәтижесінде педагогтар өздерінің кәсіби міндеттеріне қатысты жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді.