Педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы
13.11.2024ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Г.Наушабаеваның жетекшілігімен педагогикалық әдеп кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Алқалық кеңестің күн тәртібінде:
✓ Педагогикалық тактика – мұғалімнің оқушылармен педагогикалық қарым – қатынас стилін орнату
✓ Жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау
✓ Педагогикалық әдептің негізгі нормалары (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдау)
✓Педагогтың кәсіби іс - әрекетіндегі педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті қаралды.
Педагогикалық әдеп кеңес барысында жасөспірімдер мен ұстаздардың арасындағы өзара қарым - қатынас жасау мәселесі бойынша ұсыныстар берілді:
-баланың дұрыс емес жасаған іс - әрекетін түсіндіре білу;
-бос сөздермен айқайлай бермеу;
-ішкі жан дүниесіне үңіле білу;
-жылылық таныту;
-қамқор жанның бірі ұстазы екенін сезіндіру;
-келешектің кемелдену тікелей сол балаларға қатысты екенін білдіріп отыру қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, жеке фотосуреттер мен бейнелерді көпшілік алдына жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау басты назарда болуы тиіс екені айтылды.Отырыс барысында мектеп директоры Н.Конкабаев педагог қызметкерлердің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс - әрекеттерді жасауға жол бермеу; өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындау; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды қабылдау және педагогтың қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік( ақша жинау т.б) және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол берілмейтінін қатаң ескертті. Соңында тәжірибелі ұстаз Ж.Алайдарова педагогикалық әдепті негізгі қағидалары мен педагогтың сөйлеу мәдениеті, дауыс тембрі, екпіні жайлы панельдік дискуссия жүргізді.


