13
қазан
2025
«Ойындарға салауатты көзқарас» тақырыбында қауіпсіздік сабағы
13 қазан 2025 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 11 "а" сынып жетекшісі Ғ. Қасымов және 5 "б" сынып жетекшісі Ф. Асубаева «Ойындарға салауатты көзқарас» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, компьютерлік және онлайн ойындарға тәуелділіктің алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына баулу болып табылады.
Сабақ барысында оқушыларға ойындарға шамадан тыс әуестенудің психологиялық және физикалық зияндары туралы түсіндіріліп, интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану ережелері айтылды.
Сондай-ақ, оқушыларға уақытты дұрыс жоспарлау, спортпен шұғылдану және кітап оқу сияқты пайдалы әдеттерді қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.