18
қыркүйек
2025
"Тазалық – ағза саулығының кепілі" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел
2025 жылдың 18 қыркүйек күні "Тазалық – ағза саулығының кепілі" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларға тазалықтың адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы түсінік беру, жеке бас гигиенасы мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын ұғындыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Іс-шара барысында оқушылар тазалық пен денсаулықтың өзара байланысы туралы пікір алмасты. Жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, аурулардың алдын алу тақырыптарында шағын баяндамалар тыңдалып, сұрақ-жауап, талқылау форматында өткізілді.
Оқушылар өз ойларын ашық айтып, тазалық сақтау – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екендігіне көз жеткізді.
Оқушылар тазалықтың маңыздылығын тереңірек түсініп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түйсінді. Дөңгелек үстел оқушылардың санитарлық-гигиеналық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізді.
https://www.facebook.com/share/v/178mybjdFJ/