15
қыркүйек
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Буллингтен қорған» тақырыбында жүргізілген алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында «Буллингке қарсымыз!», "Буллингке жол жоқ", "Буллинг деген не?" тақырыбында тәрбие сағаттары
2025 жылдың 15 қыркүйегінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Буллингтен қорған» тақырыбында жүргізілген алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында «Буллингке қарсымыз!», "Буллингке жол жоқ", "Буллинг деген не?" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Мақсаты: оқушылар арасында буллингтің (қорлау, мазақтау, шеттету) алдын алу, достық пен құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптастыру. Тәрбие сағаттарында оқушылар буллингтің зиянды салдарын түсініп, оны болдырмау жолдарын меңгерді. Қарым-қатынаста құрмет, қолдау, түсіністік маңызды екені айқындалды. Тәрбиелік іс-шара барысында белсенділік, ашық пікір айту, бір-біріне жанашырлық таныту байқалды.




