07
сәуір
2025
1-11 сыныптар арасында «Буллинг және қауіпсізді ережелері» тақырыбында сынып сағаттары
2025 жылы 7 сәуірде күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптар арасында «Буллинг және қауіпсізді ережелері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды буллингтің мәні мен оның салдарымен таныстыру, оларға буллинг жағдайларында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру, сондай-ақ мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құруға ықпал ету болды. Оқушыларға буллингтің психологиялық, физикалық және кибербуллинг түрлері түсіндіріліп, айтылды. Сабақ барысында оқушылар буллингтен қорғаудың тиімді әдістерімен танысып, жағдайға қалай дұрыс әрекет ету керектігін талқылады. Бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы мен досқа көмектесудің жолдары айтылып, оқушылардың өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуы мақсат етілді. Талқылау барысында оқушылар өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, дөрекілік көрсететін адамдармен өзін қалай ұстау керектігі туралы өз ойларын ортаға салды.


