22
мамыр
2025
«Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» атты психологиялық кеңес
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 22.05.2025жылы
«Әкем – тірегім, Анам – жүрегім» атты психологиялық кеңес берілді.
Отбасы – әр баланың ең алғашқы мектебі. Отбасындағы әке мен ананың рөлі баланың психологиялық дамуына тікелей әсер етеді. Әке – баланың қорғаны, тірегі, қауіпсіздіктің символы болса, ана – жылулықтың, мейірім мен махаббаттың қайнар көзі.
Балаға әкенің сенімді қолдауы мен ананың шексіз махаббаты қатар қажет. Егер осы екеуі тепе-тең болса, бала өзін қауіпсіз әрі бақытты сезінеді. Мұндай ортада өскен бала өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, кішіпейіл болып қалыптасады.

- Балаңызды тыңдаңыз, түсініңіз.
- Сөзбен ғана емес, іс-әрекетпен махаббат көрсетіңіз.
- Әке мен ана өзара сыйластықты үлгі етсін.
- Балаға сенім артудан қорықпаңыз.
Мектеп психологтары: С.Сабыралиева, Д.Увалиева
