25
сәуір
2025
«Жүрек жылуы» ата-аналарға арналған семинар –тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
Психологиялық көктемгі айлықтың жоспарына сәйкес өткізілген
«Жүрек жылуы» ата-аналарға арналған семинар –тренинг өткізілді. Мақсаты:
- Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі эмоционалдық қолдауының маңызын көрсету
- Ата-аналар арасында сенімді қарым-қатынас орнату
- Балаға деген жүрек жылуын жеткізудің жолдарын ашу
- Тәрбие үрдісіндегі ата-ананың белсенділігін арттыру.
Бұл тренинг ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайтуға, ата-аналардың тәрбиедегі рөлін терең түсінуге, және жанұялық қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған. Тренинг ата-аналардың жылы қарым-қатынас, түсіністік, және эмпатия секілді қасиеттерін дамытуға көмектеседі.
Мектеп психологы: С.Сабыралиева, Д.Увалиева
