"Педагогтың этикалық кодексі: мазмұны мен маңызы» тақырыбында форсайт сессия өткізілді.
19.09.2025ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мектеп психологтары С.Сабыралиева мен М.Асхатованың жетекшілігімен «Педагогтың этикалық кодексі: мазмұны мен маңызы» тақырыбында форсайт сессия өткізілді
Педагогтың этикалық кодексінің мазмұнын талдау, мұғалімдердің кәсіби әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, әдептілік пен жауапкершілікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шарада ең алдымен этикалық кодекс ұғымымен таныстырды.
Теориялық бөлімінде Кодекстің мазмұны: міндеттер, тыйымдар мен жауапкершілік туралы айтылып, практикалық бөлімінде «Этикалық дилемма» ( нақты жағдайларды рөлдік ойынмен талдау) жағдаяттық талдау жүргізілді. Топтық жұмыста «Менің этикалық ұстанымым» постер толтырылды.
Іс-шара соңында мектеп психологтары С.Сабыралиева мен М.Асхатова
этикалық кодекстің мазмұнына қысқаша шолу жасады:
- Мұғалімнің оқушыға, ата-анаға, әріптеске және қоғамға қатысты міндеттері
- Әдептілік, әділдік, адалдық, құпияны сақтау, кәсіби шекараны сақтау
- Тыйым салынған әрекеттер: кемсіту, эмоциялық қысым, жеке пайда көздеу
- Жауапкершілік пен есептілік – әр әрекеттің салдарын түсіну
Қатысушылар өзін-өзі бағалап, кәсіби этика кодексі жаңарту идеялары бойынша өз ойларын ортаға салды.