педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 1 отырысы өткізілді.
29.08.2025ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында З.Дауренбекованың ұйымдастыруымен педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің 1 отырысы өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде:
✓Мектептегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру, ережелері мен міндеттерін қарау, жоспарын бекіту туралы
✓ Педагогикалық этика мен ережелерін сақтау нормалары
✓Жас мамандардың өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі әдептілік мәдениеті туралы мәселелері қаралды
Алқалық отырыс барысында Кеңес төрайымы З.Дауренбекова педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ережесі мен міндеттерімен таныстырып, жұмыс жоспарын ұсынды. Мектептің кәсіподақ төрайымы И.Насипбекова педагогикалық этика мен ережелерін сақтау міндетімен таныстырды. Мұғалімдердің кәсіби әдеп кодексін түсінуіне ықпал ету, күнделікті қызметінде әдеп нормаларын сақтауға бағыттау мақсатында «Педагогтың кәсіби әдеп нормалары» коучингін жүргізді.
Іс-шара барысында оқу-тәрбие жұмысында оқытушылар мен білім алушылар, ата-аналар арасында адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдері туралы кеңес берілді. Әдеп-белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі, педагогикалық әдеп оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсететіндігі туралы ой қозғалды. Сонымен қатар, кәсіби әдеп бұзылған немесе сақталған жағдайда туралы пікір алмасу жүргізілді.
«Жас жалын» кәсіби-тұлғалы жас мамандар клуб жетекшісі А.Имангалиеваның «Жас маманның әдептілік мәдениетін қалыптастыру» фасилитациялық сессия арқылы әдептілік мәдениет туралы анықтама беріп, кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленетінін түсіндірді. Соңында педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері әдептілік - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы екенін айтып, ал әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр екенін түсіндірді, сондықтан бала тәрбиелеу үрдісінде ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті және мәдениетті болуы тиіс екенін тілге тиек етті.