Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы
27.08.2024ж.№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Г.Наушабаеваның ұйымдастыруымен педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде:
✓Мектептегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысын ұйымдастыру, ережелері мен міндеттерін қарау, жоспарын бекіту туралы
✓ Педагогикалық этика мен ережелерін сақтау міндеті
✓Педагогтың өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі имиджі туралы мәселелері қаралды.
Алқалық отырыс барысында Кеңес төрайымы Г.Наушабаева педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің ережесі мен міндеттерімен таныстырып, жұмыс жоспарын ұсынды. Мектептің кәсіподақ төрайымы И.Насипбекова педагогикалық этика мен ережелерін сақтау міндетімен таныстырды. Сондай-ақ, «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік» диалог алаңын жүргізді. Диалог барысында оқу-тәрбие жұмысында оқытушылар мен білім алушылар арасында адамгершілікпен әдептілікке тәрбиелеу әдіс-тәсілдері туралы кеңес берілді. Әдеп-белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі, педагогикалық әдеп оқытушының аса бағалы педагогтық қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсететіндігі туралы ой қозғалды.
Сонымен қатар, мектеп психологы «Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек?» компьютерлік таныстырылым арқылы имидж туралы анықтама беріп, кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленетінін түсіндірді. Соңында педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері әдептілік - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы екенін айтып, ал әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр екенін түсіндірді, сондықтан бала тәрбиелеу үрдісінде ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті және мәдениетті болуы тиіс екенін тілге тиек етті.


