Материалы за Қыркүйек 2025 года » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2025 года
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
30
қыркүйек
2025
Жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру
30.09.2025жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жас маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, педагогикалық шеберлігін шыңдау және жұмысқа бейімделуіне жағдай жасау мақсатында тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші Э.Жаксыбаева жас маман математика пәнінің  мұғалімі Жақыпжан Назерке Аятқызына оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыру,білім стандартына сәйкес сабақ  құрылымын құру, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау бағытында көмек көрсетілді. Тәлімгер Э.Жаксыбаева бірнеше бағыттар
9-10 сынып білім алушыларымен "Кітап-алтын қазына"
30
қыркүйек
2025
9-10 сынып білім алушыларымен "Кітап-алтын қазына"
30.09.2025 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 9-10 сынып білім алушыларымен "Кітап-алтын қазына" тақырыбында библиокафе  форматында іс-шара өткізілді. Бұл іс-шарада оқырмандар кітап туралы әңгімелесіп, дәмді тәттілерден дәм татып, өздерінің сүйікті шығармаларымен ой бөлісті. Жауапты: мектеп кітапханашылары
Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауы
27
қыркүйек
2025
Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауы
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сейсенқұл Мереке Алматы қаласында өткен Республикалық “Суреттер құпиясы” жас суретшілер байқауында “Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым- Қазақстан Республикасы”  номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас талант иесін құттықтаймыз!  Жетекшісі Уалиева Айша Абеновнаға ерекше алғыс білдіреміз!
«Ұстаздық жолымның бастауында»  тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинар
25
қыркүйек
2025
«Ұстаздық жолымның бастауында» тақырыбындағы жас мамандарға арналған
N5 Ақарал ЖОББМГ-да 25.09.2025 күні жас жалын кәсіби-тұлғалы жас мамандар мектебінің жетекшісі А.Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Ұстаздық жолымның бастауында»  тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинар өткізілді.Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, педагогикалық құндылықтарды қалыптастыру, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөліне терең үңілу. Семинар барысында педагог мамандығының маңыздылығы және жас маманның дамуына ықпал
Еңбек- түбі береке" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары
24
қыркүйек
2025
Еңбек- түбі береке" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Еңбек- түбі береке" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Оқушыларға еңбектің қадірі мен маңыздылығы түсіндіріліп, еңбекқорлыққа баулу мақсат етілді.                                                                         Сонымен қатар: "Қауіпсіздік сабағы" өткізіліп, оқушылардың жеке қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
Жас маманға  әдістемелік көмек көрсету
23
қыркүйек
2025
Жас маманға әдістемелік көмек көрсету
23.09.2025ж.тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші, тәлімгер С. Каримова жас маман Г. Ибаковаға әдістемелік көмек көрсету мақсатында типтік оқу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізді.  Сабақ мақсаттарын талқылады – олардың қайдан алынатынын, қандай құжаттарға сүйенетінін көрсетті.  Мақсат қоюды үйретті – SMART қағидасы бойынша құрып, күтілетін нәтижелермен сәйкестендірді.  Мақсаттардың сабақ құрылымын жасауға және тапсырмаларды таңдауға қалай әсер ететінін түсіндірді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты –
Әсем мен Айжан туралы ертегі
23
қыркүйек
2025
Әсем мен Айжан туралы ертегі
23.09.2025ж Эксперименттік алаң бағдарламасының жоспарына сәйкес қосымша білім беру педагогі Амангелды Ботагөздің ұйымдастыруымен 7 сынып білім алушыларымен PixVerse бағдарламасында жасанды интеллек құралдарының көмегімен мультфильмдерді жасау жолдары үйретілді. 7 сынып білім алушылары жасанды инттелект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, "Әсем мен Айжан" атты қысқаша ертегі құрастырды. https://youtu.be/ipc5QnIhVIc?feature=shared -
"Мамандықтар әлеміне саяхат"
22
қыркүйек
2025
"Мамандықтар әлеміне саяхат"
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп -гимназиясында  "Мамандықтар әлеміне саяхат" тақырыбында бастауыш сынып оқушылары мен  әртүрлі мамандықтарды таныстырып, болашақта саналы түрде кәсіби бағыт таңдауға ықпал ететін танымдық іс-шарасы өтілді. Бұл шараның мақсаты – балалардың қызығушылығын оятып, әр мамандықтың маңызын түсіндіру арқылы еңбекке баулу және болашаққа алғашқы қадам жасауына жағдай жасау. Іс-шара барысында оқушылар ойын арқылы түрлі маман иелерінің қызметімен танысып, жұмбақтар