25
қыркүйек
2025
«Ұстаздық жолымның бастауында» тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинар
N5 Ақарал ЖОББМГ-да 25.09.2025 күні жас жалын кәсіби-тұлғалы жас мамандар мектебінің жетекшісі А.Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Ұстаздық жолымның бастауында» тақырыбындағы жас мамандарға арналған семинар өткізілді.Мақсаты:
Жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, педагогикалық құндылықтарды қалыптастыру, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөліне терең үңілу.
Семинар барысында педагог мамандығының маңыздылығы және жас маманның дамуына ықпал ететін факторлар айтылып,
қиындықтар мен шешу жолдары талқыланды. Топтық жұмыста жас мамандар "Мен қандай ұстаз болғым келеді?" болашақтағы өзінің ұстаздық бейнесін елестетіп, бір-бірімен пікір алмасып, тапсырмалар орындады.Қорытынды бөлімінде жас мамандар кері байланыс орнатып,ұсыныстарын жазды.Жас мамандар ұстаздық жолындағы өз орнын және мақсаттарын нақтылап, кәсіби мотивация алды.Жауапты: Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Р. Бабижанова
https://www.facebook.com/share/v/1Ck9n7Cytx/