19
қыркүйек
2025
"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" онкүндігі аясында "Асханаға қош келдіңіз!" ата-аналарға ашық есік күні
2025 жылдың 19 қыркүйек күні "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" онкүндігі аясында "Асханаға қош келдіңіз!" ата-аналарға ашық есік күні өтті.
Мақсаты: Ата-аналарды мектеп асханасының жұмысымен, тамақтану тәртібімен, тағам сапасымен және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуымен таныстыру арқылы оқушылардың дұрыс және сапалы тамақтануын қамтамасыз етудегі ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту.
"Асханаға қош келдіңіз!" Ашық есік күні – бұл ата-аналарға мектеп асханасының жұмыс үдерісін ашық көрсетуге арналған іс-шара. Бұл күнде ата-аналар:
Ас мәзірімен танысады;
Тағам дайындау және сақтау шарттарын көреді;
Оқушыларға қызмет көрсету барысын бақылайды;
Асхана қызметкерлерімен пікір алмаса алады;
Балалардың тамақтану мәдениетін бағалай алады.
Іс-шара мектеп пен ата-аналар арасындағы сенімді арттыруға, тамақ сапасына қатысты пікір мен ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік береді.
