"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру"
2025 жылдың 15 қыркүйек күні "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" іс-шаралар жоспарына сәйкес он күндіктің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: дұрыс тамақтану қағидаларын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу, сондай-ақ тамақтану мәдениетін қалыптастыра отырып, түрлі аурулардың алдын алу. Іс-шараның маңыздылығы: Қазіргі таңда халық арасында фастфуд, тәтті, газдалған сусындар секілді зиянды тағамдарды тұтыну артып келеді. Бұл жағдай түрлі созылмалы