Оқушыларға » Страница 28 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
«RoboFestSypatayCup-2021» атты робототехникадан серіктес мектептер арасында робототехника жарысы
13
желтоқсан
2021
«RoboFestSypatayCup-2021» атты робототехникадан серіктес мектептер
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, 2021 жылдың 13 желтоқсан күні №16 ЖББМ  базасында «RoboFestSypatayCup-2021» атты робототехникадан серіктес мектептер арасында робототехника жарысы ұйымдастылып, «Робосуммо» бағыты бойынша І орын – Қазбек Алихан, ІІ орын – Эргашев Ислам, ІІІ орын Аман Айғакным. «Сызық бойымен жарыс» бағыты бойынша 1 орын – Білдебай Адия, «Кегельринг» бағыты бойынша ІІ орын – Нұрсейтқызы Жанайым, ІІІ орын Үйсінбай
"Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы
11
желтоқсан
2021
"Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы
Аудандық 2-7 сыныптар арасында өткен  "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауына N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының  6"а" сынып білім алушысы Күмісбек Мердиас "Биология" секциясы бойынша "Лимонды өсіру және оның пайдасы" және 5 "А"  сынып білім алушысы Достан Нұрдәулет "Экология" бағыты бойынша "Үлкен қалаға - табиғи газ, шағын ауылға - биогаз" тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғап, жеңімпаздар атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.Жас зерттеушілер
«Виртуалды саяхат» туған жердің табиғи жерлерін насихаттау
10
желтоқсан
2021
«Виртуалды саяхат» туған жердің табиғи жерлерін насихаттау
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Виртуалды саяхат» туған жердің табиғи жерлерін насихаттау мақсатында  бейнетаныстырылым байқауы ұйымдастырылып, мектебіміздің 11 сынып білім алушылары Асқар Азиза мен Бейсеналы Ернардың жұмысы үздіктердің қатарынан көрініп ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Б. Смайыл.
"Жас сарбаз" әскери - спорттық эстафеталық жарысы
10
желтоқсан
2021
"Жас сарбаз" әскери - спорттық эстафеталық жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметіне жастарды тәрбиелеу және дайындау" ұранымен өткен аудандық мектептер арасында "Жас сарбаз" әскери - спорттық эстафеталық жарысында жоғары дәрежеде команда дайындағаны үшін №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы Е.Қазыбаев  пен 9-10 сынып білім алушылары  марапатталды. 
"Зерде" зерттеу жобасы конкурсының аудандық кезеңінен "Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері"
09
желтоқсан
2021
"Зерде" зерттеу жобасы конкурсының аудандық кезеңінен "Энергетикалық
"Зерде" зерттеу жұмыстары конкурсы. Оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, ынталандыру мақсатында Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім басқармасының 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық "Зерде" зерттеу жобасы конкурсының аудандық кезеңінен "Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері" тақырыбында 7 - сынып білім алушысы Асқар Бекжан ІІ - дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі: Биология пәнінің мұғалімі Жүнісжан Әсима Садыққызы
ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты ұйымдастырған республикалық байқау жеңімпаздары
06
желтоқсан
2021
ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты ұйымдастырған республикалық
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық 0"Ә"сынып тәрбиеленушілері ADEBI.KZ электронды ақпарат,білім сайты ұйымдастырған республикалық байқауға қатысып "Сиқырлы бояу" номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен Берік Балауса,Берік Алмас,Жаңабай Әбуқожа,Ахметжан Айым,Қылшабай Жандәулет,Құрманғазы Ерасыл марапатталды.
Аудандық "Баскетбол" ойыны турнирінің жеңімпаздары
03
желтоқсан
2021
Аудандық "Баскетбол" ойыны турнирінің жеңімпаздары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық "Баскетбол" ойыны турнирінде жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен командалық жарыста №5 Ақарал ЖОББМГ білім алушылары І дәрежелі дипломмен, Құмық Досымжан "Үздік ойыншы" номинациясымен  марапатталды.  
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған математикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы
02
желтоқсан
2021
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған
02.12.2021 ж. оқушылардың оқу танымдық қабілеттерін ынталандыру, математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға қызығушылығын дамыту мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ұйымдастырған математикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11а сынып білім алушысы А. Асқар қатысып, жүлделі  ІІ орынға ие болды.
Республикалық  лингвистикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары
12
қараша
2021
Республикалық лингвистикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің
8-11 сынып білім алушыларына арналған Республикалық  лингвистикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде  N5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  9 "А" сынып білім алушысы А.Қыдырбек және 10 "А" сынып  білім алушысы  Д.Бошкулова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Каримова және математика пәні мұғалімі Н.Уалиева 
"Qazag Epos" ағарту жобасының " Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының аудандық кезеңі
29
қазан
2021
"Qazag Epos" ағарту жобасының " Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының
2021 жылдың 29 қазан күні "Qazag Epos" ағарту жобасының " Тұлпар мініп, ту алған!" байқауының аудандық кезеңінде " Ер Едіге" жырын жатқа айту бойынша жырды нақышына келтіре оқығаны және теориялық білімі үшін #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының 8-9 сынып  білім алушылары қатысып, Жайлау Г ІІ дәрежелі, Құрманғали Ә ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Наушабаева, Ф.Асубаева