Оқушылар жетістіктері » Страница 9 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Балалар мен жасөспірімдер "Үміт" сарайында "Рухани жаңғыру-ұлттық бірегейліктің негізі" тақырыбында  наурыз мерекесіне орай  өткізілген қолөнер көрмесі
15
наурыз
2023
Балалар мен жасөспірімдер "Үміт" сарайында "Рухани жаңғыру-ұлттық
15 наурыз күні Балалар мен жасөспірімдер "Үміт" сарайында "Рухани жаңғыру-ұлттық бірегейліктің негізі" тақырыбында  наурыз мерекесіне орай  өткізілген қолөнер көрмесіне №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясынан  8 сынып білім алушысы Болатбек Айару "Фетр сюжеттік қолөнер" номинациясы бойынша ІІ-орын иеленсе,  жетекшісі Барменқұлов Асилбай "Ағаштан жасалған  бұйым" номинациясы бойынша ІІ-орынды иеленді.  
"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі
10
наурыз
2023
"Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен білім алушылардың математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілген "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4а сынып білім алушысы Ибраим Ғалымжан І орын, 3а сынып білім алушысы Әбдікерім Нұрай ІІ орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Жетекшілері: Даулетова Г,
Республикалық ғылыми- шығармашылық "Мәшһүр оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Мәшһүр-Жүсіп шығармалары" және "Ұлы Даланың ұлы есімдері" бағыты бойынша
09
наурыз
2023
Республикалық ғылыми- шығармашылық "Мәшһүр оқулары" байқауының
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының туындыларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық ғылыми- шығармашылық "Мәшһүр оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Мәшһүр-Жүсіп шығармалары" және "Ұлы Даланың ұлы есімдері" бағыты бойынша мектебіміздің 10 а сынып білім алушысы Жұбатхан Алина ІІ орынға ие болса, 9 а сынып оқушысы Ибраим Нұрай жүлделі І орын жеңімпазы атанып, облыстық кезеңде ғұламаның фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған халықаралық пікірсайыс  турнирнің нәтижесі
06
наурыз
2023
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған
4-5 наурыз күндері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған халықаралық пікірсайыс  турнирнің нәтижесі бойынша 8а сынып білім алушысы Асқар Бекжан мен 10а сынып білім алушысы Жұбатқан Алина жоғары деңгейде ойын көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, Жұбатқан Алина турнирде ұйымдастырылған "Brain ring" интеллектуалды сайысының жеңімпазы атанып,  "Brain ring" номинациясының иегері атанды.  
Жаңартылған білім беру жағдайында физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
28
ақпан
2023
Жаңартылған білім беру жағдайында физика сабақтарында оқушылардың
Білім алушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаға дайындау, қабілетін жақсарту, мұғалімдердің  шығармашық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында физика пәні  мұғалімдеріне және 8-10 сынып  білім алушыларына арналған  «Talented student, educated teacher» аудандық олимпиадасы мен «Жаңартылған білім беру жағдайында физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында ағымдағы жылдың 28 ақпанында   аудандық
5-8 сынып білім алушыларына арналған республикалық "ProEco"  экологиялық  жобалар конкурсының облыстық кезеңі
27
ақпан
2023
5-8 сынып білім алушыларына арналған республикалық "ProEco"
5-8 сынып білім алушыларына арналған республикалық "ProEco"  экологиялық  жобалар конкурсының облыстық кезеңде #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының біоім алушылары   "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша  Асқар  Бекжан,  Ашимхан Сымбат  1 орын, жетекшілері география пәнінің мұғалімдері С. Айжарықов,  М. Алденбаева. "Мені коршаған әлем - ғажайып әлем" бағыты бойынша Қазбек Алихан. Нығымет Еркежан  3 орынмен марапатталды Жетекшілері: Б.Сауранбаев, А.Мұрат. Құттықтаймыз
"Сазды ән мен жыр дастаны" Республикалық қазақ ақын- композиторларының шығармашылығынан жас өнерпаздар арасындағы ән - жыр байқауы
27
ақпан
2023
"Сазды ән мен жыр дастаны" Республикалық қазақ ақын-
"Сазды ән мен жыр дастаны" Республикалық қазақ ақын- композиторларының шығармашылығынан жас өнерпаздар арасындағы ән - жыр байқауына қатысып "Вокал" жанры бойынша №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының 10 сынып білім алушысы Абилмажин Ералы 1 орынмен марапатталды. Жетекшісі: музыка пән мұғалімі Д. Ақжол 
2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Меркі ауданының біріншілігін
25
ақпан
2023
2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Меркі
Кеңес Одағы Әскерінің Ауған  соғысынан шығарылуының 34 жылдығына, Ауған  соғысында қаза тапқан жерлестерімізді еске алуға арналған 2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан Меркі ауданының біріншілігінде #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында  Сейтқазы Қыдырәлі мен Болат Нұрәлі 1 орын, Берік Елдос пен Файзулла Аян 2 орын, Асанғазы Фархат 3 орынмен марапатталынып,. Болат Нұрәлі үздік боксшы атанды. 
"Қазақ ертегілері" атты байқауында "Жас суретші" номинациясы
24
ақпан
2023
"Қазақ ертегілері" атты байқауында "Жас суретші" номинациясы
Аудан мектептерінің білім алушылары арасында өткізілген "Қазақ ертегілері" атты байқауында "Жас суретші" номинациясы бойынша #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының 9"А" сынып білім алушысы Ибрайым Нұрай 2 орынмен Тұрсыналы Ақбота Алғыс хатпен марапатталды Құттықтаймыз
"Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ" атты оқушылар арасындағы аудандық пікірсайыс турнирі
24
ақпан
2023
"Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ" атты оқушылар арасындағы аудандық
"Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ" атты оқушылар арасындағы аудандық пікірсайыс турнирінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясының 10 сынып білім алушысы Қылшабай Амина "Ең үздік спикер" номинациясын иеленсе "Үздік төреші" номинациясымен Сауранбаев Бектас Бейсеналыұлы марапатталды Құттықтаймыз