Оқушылар жетістіктері » Страница 7 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Жас суретшілердің "Бояулар құпиясы" байқауы
21
сәуір
2023
Жас суретшілердің "Бояулар құпиясы" байқауы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген жас суретшілердің "Бояулар құпиясы" байқауына №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9А сынып білім алушысы Ибраим Нұрай қатысып,жүлделі 1 - орынмен марапатталды. Жетекшісі:Барменкулов Асилбай
IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы «Мини-Суммо» кіші топ категориясы
21
сәуір
2023
IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы «Мини-Суммо» кіші
2023 жылдың 21 сәуірінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген төртінші облыстық робототехникалық байқауына білім алушыларымыз қатысты. Байқау ережесі бойынша қолданбалы және ойын-сауық сипаттағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасау, құрастыру қажет. Байқау барысында дайындалған жұмыстың қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды. IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы «Мини-Суммо» кіші топ категориясы бойынша Сатов
Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалінің аудандық кезеңінде "Телевизиялық сюжет" номинациясы
17
сәуір
2023
Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының
Экспериментік мектеп жобасы аясында ұйымдастырылған Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалінің аудандық кезеңінде "Телевизиялық сюжет" номинациясы бойынша ІІ орын жеңімпаздары мектебіміздің белсенді қыздары Жайлау Гүлбегім, Қылшабай Амина марапатталды Құттықтаймыз!
Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалінің аудандық кезеңінде "Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім"  номинациясы
14
сәуір
2023
Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының
Экспериментік мектеп жобасы аясында ұйымдастырылған Республикалық "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" балалар киносының фестивалінің аудандық кезеңінде "Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім"  номинациясы бойынша І орын жеңімпаздары Қазбек Алихан, Нығымет Еркежан марапатталды. Құттықтаймыз!
"Өнерге өлердей - ақ ғашық едім" атты облыстық проза байқауы
11
сәуір
2023
"Өнерге өлердей - ақ ғашық едім" атты облыстық проза байқауы
11.04.2023ж Алтайдың асқақ жыршысы О.Бөкейдің 80 жылдығына арналған "Өнерге өлердей - ақ ғашық едім" атты облыстық проза байқауына қатысқан №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 9- сынып білім алушысы Құрманғали Асемай жүлделі 1- орынды иеленді.  
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасынан жекелей чемпионаты
09
сәуір
2023
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасынан жекелей чемпионаты
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен сәуір айының 04.04-09.04.2023жылы тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасынан жекелей чемпионаты өткізілді. Жамбыл облысының жекелей чемпионатында мектебіміздің оқушылары "Классикалық" ойында Нурмухаммед Мариям 1 орын, Марат Алижан 3 орынға, "Рапит" ойынында Нурмухаммед Мариям 2 орынға, Нурсейт Жанайым 3 орынға, "Блиц" ойынында  Нурмухаммед Мариям 3 орынға ие болды. Оқушыларымыз жүлделі орындармен қатар Республикаға
Аудандық “Жайдарлы -Жайдарман “ атты жайдарман ойындары
07
сәуір
2023
Аудандық “Жайдарлы -Жайдарман “ атты жайдарман ойындары
Қазақстан Республикасының “Әулиеата жастары" өңірлік  бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  аудандық “Жайдарлы -Жайдарман “ атты жайдарман ойындарында 3-орын иеленген мектебіміздің “Five shool” командасы мараппаталды. Сонымен қатар, Үздік ойыншы номинациясын команда мүшесі Асқар Бекжан еншіледі.  Жарайсыңдар, Жайдарлы Жайдарманшылар!!!
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі Google  Meet платформасы
07
сәуір
2023
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі Google
МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ  ЖАС ЗЕРТТЕУШІСІ     2023 жылдың 3 - 7 сәуір аралығында "Дарын" республикалық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі Google  Meet платформасы арқылы өтті. Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша  №5 Ақарал жалпы орта білім беретін  мектеп - гимназиясының   10 сынып білім алушысы Қылшабай Амина жүлделі lll-орын алды. Жетекшісі биология пәні мұғалімі
«Болашақтың мамандығы» номинациясы бойынша І орын
30
наурыз
2023
«Болашақтың мамандығы» номинациясы бойынша І орын
«Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығымен ұйымдастырылған «Мамандықтар әлемін ашамыз» аудандық форумына мектебіміздің білім алушылары 10 сынып білім алушысы Қылшабай Амина қатысып, «Болашақтың мамандығы» номинациясы бойынша І орын иеленді. Сонымен қатар 10 сынып білім алушылары Нұрсеитқызы Еркеайым және Турехан Нұрай форумға белсенділік танытып қатысқаны  үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!! 
"Жұлдызай-2023" XVIII фестиваль-байқауының облыстық кезеңі
30
наурыз
2023
"Жұлдызай-2023" XVIII фестиваль-байқауының облыстық кезеңі
Мектебіміздің 7 сынып білім алушы Эргашев Шерзод ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Республикалық "Жұлдызай-2023" XVIII фестиваль-байқауының облыстық кезеңінде өнер көрсетіп ІІ орын иеленіп, 80000 теңгенің сертификатымен марапатталды. Республикалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз.