Оқушылар жетістіктері » Страница 6 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша  XVI Президенттік олимпиадасы
30
қазан
2023
11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық циклы
2023 жылдың 25 қыркүйегінде  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының  Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен  11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша  XVI Президенттік олимпиада негізгі   төрт (математика, физика, химия мен биология) пәндері бойынша өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің 11 сынып білім алушысы Қыдырбек Айсезім  І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алған, жоғарыда аталған олимпиаданың облыстық кезеңінде
"Салауатты ата-ана мәдениеті" тақырыбындағы байқаудың аудандық кезеңі
23
қазан
2023
"Салауатты ата-ана мәдениеті" тақырыбындағы байқаудың аудандық кезеңі
Салауатты ата-ана мәдениеті 2023 жылдың 23 қазан күні Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен "Салауатты ата-ана мәдениеті" тақырыбындағы байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.   Байқауға мектебіміздің парасатты, үлгілі, өнегелі, дарынды Уалиевтер отбасы қатысты.    Нәтижесінде, Уалиевтер отбасы "Шығармашыл ата-ана" номинациясымен марапатталып, 5000т сертификатқа ие болды.  Уалиевтер отбасын шын жүректен құттықтаймыз 
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ" атты аудан ерікті жастары арасында аудандық спартакиадасы
20
қазан
2023
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ" атты аудан ерікті жастары
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ" атты аудан ерікті жастары арасында аудандық спартакиадасына 5 спорт түрінен қатысып, 4 алтын 1 күміс жүлделі орындарға ие болып, мектебіміз жалпы командалық есеппен бас жүлде иеленді.  
Оралхан  Бөкейдің 80 жылдық мерей тойына орай  өткізілген "Үздік мақала" байқауы
13
қазан
2023
Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерей тойына орай өткізілген "Үздік
Аудан мектептерінің  Жасұландықтары  арасында Оралхан  Бөкейдің 80 жылдық мерей тойына орай  өткізілген "Үздік мақала" байқауында 9-13 жас ерекшелігі  бойынша №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  8 "а" сынып білім алушысы  Ерланқызы  Назгүл  3 орын  иеленді.     
7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиада
13
қазан
2023
7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиада
2023 жылдың 13 қазанында  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиада өткізілді. Нәтижесі бойынша мектебіміздің 7 сынып білім алушысы Эрикұлы Саруәр І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.  Жетекшісі география пәні мұғалімі М.Алденбаева.  Облыстық кезеңде Эрикұлы Саруәрға сәттілік тілейміз.
8-11 сынып білім алушылары арасында республикалық "Ақберен" өнер байқауының аудандық кезеңі
27
қыркүйек
2023
8-11 сынып білім алушылары арасында республикалық "Ақберен" өнер
2023 жылдың 27 қыркүйегінде 8-11 сынып білім алушылары арасында республикалық "Ақберен" өнер байқауының аудандық кезеңінде N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясынан 5 оқушы 4 бағыт бойынша қатысты. Байқау нәтижесінде "Көркемсөз" бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Құрманғали Ә ІІ дәрежелі диплом, "Ақындар айтысы" бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Мейірбек С ІІ дәрежелі диплом, 8-сынып оқушысы Ерланқызы Н І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері:
"Дала әуені Неофольклор" атты аудандық байқауы
22
мамыр
2023
"Дала әуені Неофольклор" атты аудандық байқауы
Өскелең ұрпақтың назарын ұлттық қолданбалы өнерді жаңғыртуға, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті дамытуға бағытталған "Дала әуені Неофольклор" атты аудандық байқауда Ибраим Нұрай  жүлделі 3 орын иеленіп, облыстық кезеңінде белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Жетекшісі:А.Барменқұлов Құттықтаймыз!!!
"Аула ойындары-2023" спорттық  фестивалі
19
мамыр
2023
"Аула ойындары-2023" спорттық фестивалі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ қолдауымен ұйымдастырылған Болашаққа бағдар: "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Жамбыл облысының "Аула ойындары-2023" спорттық  фестивалінің   -14 жас орта доп ІІІ орын және   -18 жас асық ату спорт түрінен ІІІ орын иеленді. Жеңіске жеткен спортшылар арнайы дипломдармен, медалдармен және 20000 теңге сыйақы сертификатымен марапатталды.  
"Мамандықтар әлемін ашамыз!" облыстық форумында "Болашақтың мамандығы...." номинациясы
17
мамыр
2023
"Мамандықтар әлемін ашамыз!" облыстық форумында "Болашақтың
"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен  мектеп оқушылары арасындағы "Мамандықтар әлемін ашамыз!" облыстық форумында "Болашақтың мамандығы...." номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Қылшабай Амина І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: кәсіптік бағдар беруші педагог Д.Увалиева. Құттықтаймыз!!! 
"Рухани жаңғыру" аясында Меркі ауданының "Аула ойындары-2023" спорттық фестивалі
26
сәуір
2023
"Рухани жаңғыру" аясында Меркі ауданының "Аула ойындары-2023"
Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" аясында Меркі ауданының "Аула ойындары-2023" спорттық фестиваліне 5 аула спорттық түрінен қатысып, үш ойын түрінен облысқа жолдама алды. Атап айтсақ 14 жасқа дейін орта доп, қалашық және 14-18 жас аралығында асық ату түрінен.