Оқушылар жетістіктері » Страница 31 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы
06
қаңтар
2020
Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпазы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10сынып оқушысы Қазбек Жансая ағылшын пәні бойынша 3 орынды иеленді. Жетекшісі Атамкулова Асия Уалихановна
Аудандық  “RoboFestMerke - 2019” байқауының жеңімпаздары
23
желтоқсан
2019
Аудандық “RoboFestMerke - 2019” байқауының жеңімпаздары
Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламаны іске  асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық  “RoboFestMerke - 2019” байқауына белсене қатысқаны үшін №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының командасы І орын, «Сызық бойымен жарыс» категориясы бойынша 7ә сынып білім алушысы Сауытбек Рауан және 2а сынып білім алушысы Қазбек Алихан ІІ орын,  «Робо-сумо» категориясы бойынша 6ә сынып білім алушысы Әбдікерім Мадияр ІІ орын, 6а сынып білім алушысы Ермекбай Аяулым ІІІ орын, 7ә сынып білім
"Жас дарын" домбырашылар байқауының жеңімпазы
20
желтоқсан
2019
"Жас дарын" домбырашылар байқауының жеңімпазы
Күй - адамның сөзбен емес, үнмен жеткізетін жүрек сыры. Ол өзінің алуан түрлі үнімен адам жанының ішкі дүниесін, арман тілегін жеткізеді. №5Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 8 "а" сынып білім алушысы Сауытбек Аяулым аудандық "Жас дарын" домбырашылар байқауына қатысып, жүлделі 1орын иеленді. 
"МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
12
желтоқсан
2019
"МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ
"БОЛАШАҚҚА БАҒДАР - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА АУДАНДЫҚ МӘҢГІЛІК ЕЛ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН "МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНА №5 АҚАРАЛ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 10 СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫСЫ ҒАНИҰЛЫ СПАНДИЯР ҚАТЫСЫП, 3 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ. ЖЕТЕКШІСІ: АЗАМАТ ДЖАДРАЕВ
Робототехника бойынша бірінші Республикалық онлайн олимпиадасының жеңімпазы
11
желтоқсан
2019
Робототехника бойынша бірінші Республикалық онлайн олимпиадасының
11.12.2019 жылы Робототехника бойынша бірінші Республикалық онлайн олимпиадасына №5 Ақарал жббмг 7"А" сынып білім алушысы Қылшабай Әмина Ерсейтқызы қатысып, нәтижесінде 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Ел болашағы-жалынды жастар" атты аудандық  Жайдарман (КТА) ойыны жеңімпаздары
27
қараша
2019
"Ел болашағы-жалынды жастар" атты аудандық Жайдарман (КТА) ойыны
2019 жылдың 27 қараша күні жастардың барлық сапасын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында аудан мектептердің білім алушылар арасында Көңілді Тапқырлар Алаңы ойыны өткізілді."Ел болашағы-жалынды жастар" атты аудандық  Жайдарман (КТА) ойынында №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 8-10 сынып оқушыларынан құрылған "АҚШ" командасы жүлделі II орынмен марапатталды.
Аудандық "ІV Шерхан оқулары" байқауы
21
қараша
2019
Аудандық "ІV Шерхан оқулары" байқауы
21.11.2019ж Зау тұлға Шерхан Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу мақсатында өткізілген аудандық "ІV Шерхан оқулары" байқауында гимназиямыздың 10 сынып оқушылары Медербек Аяна "Менің Шерағам" бағыты бойынша ІІ орын, Жұман Ұлбосын "Шерхантанудың өзекті мәселелері" бағыты бойынша ІІІ орын жеңімпаздары атанды
"Атадан мұра" қорының ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауы
16
қараша
2019
"Атадан мұра" қорының ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Дарабоз"
16.11.2019ж N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 6-7 сынып білім алушылары "Атадан мұра" қорының ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауында өнер көрсетіп,   "Көркемсөз" жанры бойынша Күмісбек Қаракөз, Азамат Толғанай І дәрежелі дипломмен, Бақытжан Диас бас жүлдеге ие болып, " Атадан мұра" қорының Республикалық байқауларының Суперфиналына жолдама жеңіп алды. Жетекшілері: З.Дауренбекова, Ф.Асубаева.
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауы
13
қараша
2019
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Кітап оқып,
№5 Ақарал ЖББМГ кітапханашысы Г. Маделиеваның жетекшілігімен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларын кеңінен тарату мақсатында "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауына қатысқан  9-сынып оқушысы А.Тоқтақан Марк Твеннің  "Том Сойердің басынан кешкендері" атты шығармасын орындады. Мектеп ішілік байқаудан А.Тоқтақан 7-ден аса туынды оқып жеңімпаз атанды.
"Адал ұрпақ" ерікті клубтарының облыстық слеті
08
қараша
2019
"Адал ұрпақ" ерікті клубтарының облыстық слеті
2019 жылдың 8 карашада Тараз қаласында рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық "Адал ұрпақ" еріктілер слетінде Мерке ауданынан №5 Акарал жалпы мектеп-гимназиясынан 10 қатысушыдан құрылған  "Парасат" тобы қатысты. Слет барысында ең үздік үгіт бригадасының таныстырылуы бойынша Меркі, Байзақ ауданы мен №53 Қ.Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясы додаға түскен болса, Талас пен Жамбыл ауданынан келген