Оқушылар жетістіктері » Страница 21 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
"Тәуелсіздік-Мәңгілік Елдің тұғыры" атты аудан оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі
23
сәуір
2021
"Тәуелсіздік-Мәңгілік Елдің тұғыры" атты аудан оқушылары арасында
23.04.2021ж N18 жалпы орта білім беретін тірек- мектебінде "Мәңгілік Ел" және тәрбие білім беру орталығының ұйымдастырумен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік-Мәңгілік Елдің тұғыры" атты аудан оқушылары арасында аудандық пікірсайыс турнирі өткізілді. Аудандық пікірсайыс ойынына N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары арасынан "Бес жұлдыз" командасының спикерлері Асқар Азиза мен Марат Айзере қатысып 1 орынды иеленді. Жетекшісі: А. Джадраев.  
"ЖАБАҒЛЫ - МАНАС" тау клубы ҚҰ -мен бірлесіп ұйымдастыруымен "БІЛЕМІН" атты экологиялық байқауы
21
сәуір
2021
"ЖАБАҒЛЫ - МАНАС" тау клубы ҚҰ -мен бірлесіп ұйымдастыруымен
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинеті және "ЖАБАҒЛЫ - МАНАС" тау клубы ҚҰ -мен бірлесіп ұйымдастыруымен "БІЛЕМІН" атты экологиялық байқауына №5 Ақарал ЖОББМГ -ның 8а сынып білім алушысы Анар Асима "белсенді қатысқаны үшін" және 6а сынып білім алушысы Ашимхан Сымбат III орын дипломымен марапатталып, " SAMSUNG" смартфоны табысталды. Сонымен қатар білім алушылардың жетекшісі, " Жерұйық" экология үйірмесінің жетекшісі А.Кикабаева Алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық қашықтан пәндік олимпиадасының жеңімпаздары
14
сәуір
2021
Республикалық қашықтан пәндік олимпиадасының жеңімпаздары
Республикалық қашықтық олимпиаданың қазақ тілі пәні бойынша ІІІ орын жеңімпаздары 6-8 сынып білім алушылары Жайлау Гүлбегім, Жайлау Арнұр. Жетекшілері: З.Дауренбекова, Ф.Асубаева  
"Ұлттық мектеп лигасы"
14
сәуір
2021
"Ұлттық мектеп лигасы"
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ" ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасында асық атудан 5-6 сынып оқушылары ұлдар арасында облыстық жарыста N5 Ақарал ЖОББМГ жас жеткіншектері бірінші орын иеленді. 
"Ғарыш қырандары" атты эссе байқауы
10
сәуір
2021
"Ғарыш қырандары" атты эссе байқауы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 12 -сәуір "Ғарышкерлер күніне орай" "Ғарыш қырандары" атты эссе байқауында өзінің зеректігімен, ұшқыр ойымен көзге түскен 9 "Ә" сынып оқушысы Назарқұл Қазбек. Жетекшісі: Төлеген Г.С  
Еркін күресінен 2005-2007, 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир
07
сәуір
2021
Еркін күресінен 2005-2007, 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30- жылдығына орай ұйымдастырылған Еркін күресінен 2005-2007, 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирде Қайсар Бақдәулет ІІІ орынды иеленді. 
Облыстық пән олимпиада жеңімпаздары
06
сәуір
2021
Облыстық пән олимпиада жеңімпаздары
Облыстық пән олимпиада жеңімпаздары Батырбек Анель орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын, Қазбек Жансая ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын, Әліғұл Бақжан физика пәнінен грамота иегерлері. Жетекшілері: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шошабай Гүлбайра, физика пәні мұғалімі Калманбетова Кумискуль, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұрынов Ардақ. 
"Мен-тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбында аудандық шығарма байқауы
06
сәуір
2021
"Мен-тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбында аудандық шығарма байқауы
4сынып білім алушылары арасында жас ұрпақтың бойында патриоттық қасиеттерді дамыту және бастауыш сынып білім алушыларының дүниетанымдық көзқарасымен, өз ойымен еркін ұштастыра отырып, баяндалған шығармаларын мадақтау, марапаттау мақсатында "Мен-тәуелсіз елдің ұланымын" тақырыбында аудандық шығарма байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің 4сынып білім алушысы Жұматай Жасұлан қатысып, І орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі, педагог- шебер Садирмекова Гулбаршын Болатбековна 
Республикалық қашықтан пәндік олимпиадасының жеңімпаздары
15
наурыз
2021
Республикалық қашықтан пәндік олимпиадасының жеңімпаздары
Республикалық қашықтық олимпиадасының қазақ тілі бойынша ІІ орын орын жеңімпаздары Өсер Дана мен Қыдырбек Айсезім  
ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай "Есірткісіз- болашақ" ұранымен Меркі ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақтан онлайн турнирі
12
наурыз
2021
ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай "Есірткісіз- болашақ" ұранымен
12.03.2021ж ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай "Есірткісіз- болашақ" ұранымен Меркі ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары арасында тоғыз құмалақтан онлайн турнирінде №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының білім алушылары Дүйсенқұл Еркежан, Құрманғали Абдулазиз қатысып, ІІІ орын иеленді. 8 сынып білім алушысы Кылшабай Амина шахматтан І орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі: дене шынықтыру пәні мұғалімі Айдабосынов Берік Қайсарбайұлы