Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
"Жыр алыбы-Жамбыл" атты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі
04
наурыз
2025
"Жыр алыбы-Жамбыл" атты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары
"Жаһанға мәшһүр жауһар жыры даңғыл,  Ұлыстың мақтанышы - ұлы Жамбыл" дегендей, өлең сөздің дүдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевқа арналған "Жыр алыбы-Жамбыл" атты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 9- сынып оқушысы Ерланқызы Назгүл жүлделі II  орынды иеленді.Жетекшісі: Наушабаева Г 
ХХ Республикалық "Зерде"  2-7 сынып оқушыларына арналған шығармашылық зерттеу жобалары конкурсы
22
ақпан
2025
ХХ Республикалық "Зерде" 2-7 сынып оқушыларына арналған шығармашылық
Ақмола облысы Шучье қаласында 2025 жылдың 20-22 ақпан күндері ХХ Республикалық "Зерде"  2-7 сынып оқушыларына арналған шығармашылық зерттеу жобалары конкурсына #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының  4а сынып білім алушысы А. Ермек "Ағылшын тілі" бағыты бойынша ғылыми жобаларын қорғап, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Атамкулова. 
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық "Бастау" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі
20
ақпан
2025
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық "Бастау" математикалық
2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық "Бастау" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде N5 Ақарал ЖОББМГ білім алушылары командалық есепте ІІ жүлделі орынға ие болды. Жеке тапсырмада:  4а-Нұрмахамбет Мариям - 1орын (жетекшісі Ш.Ермаханбетова)  3а-Нұржан  Бинур-1 орын (жетекшісі М.Бекасилова)  2ә-Данияр Айлин- 3орын (жетекшісі А.Асанкулова).  Меркі аудандық құрама командасымен облысқа жолдама алған Нұрмахамбет Мариямға сәттілік тілейміз!
"Жыр алыбы- Жамбыл" атты жас ақындар айтысы
12
ақпан
2025
"Жыр алыбы- Жамбыл" атты жас ақындар айтысы
"Айтыс - сөз барымтасы" деп М.Әуезов айтқандай, айтыс- қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі. Бүгінде осы мұра мектеп оқушылары арасында да өз жалғасын тауып келеді. Жақында ғана Шу ауданында өткен "Жыр алыбы- Жамбыл" атты жас ақындар айтысына Меркі ауданының атынан қатысқан #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының 9-сынып оқушысы Ерланқызы Назгүл жүлделі 3- орынды иеленді.Жетекшісі: Наушабаева Г.  
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
08
ақпан
2025
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
2025 жылдың 30 қаңтар күні аудандық тоғызқұмалақ ұлттық мектеп лигасының 3 кезеңінде √5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиямыздың 5-6 сынып оқушылары құрама командасы жүлделі орынға табан тіреді. Аталған жарыста ең үздік ойын көрсеткені үшін Ибраим Ғалымжан "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! Үйірме жетекшісі: Айдабосынов Берік. 
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
07
ақпан
2025
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
2025 жылдың 29 қаңтар күні аудандық тоғызқұмалақ ұлттық мектеп лигасының 2 кезеңінде √5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиямыздың 7-8 сынып оқушылары құрама командасы жүлделі орынға табан тіреді. Аталған жарыста ең үздік ойын көрсеткені үшін Марат Асылжан "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! Үйірме жетекшісі: Айдабосынов Берік. 
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
06
ақпан
2025
"ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясы
2025 жылдың 29 қаңтар күні аудандық тоғызқұмалақ ұлттық мектеп лигасының 1 кезеңінде √5 Ақараол жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиямыздың 9-11 сынып оқушылары құрама командасы жүлделі орынға табан тіреді. Аталған жарыста ең үздік ойын көрсеткені үшін Аман Айғаным "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясымен марапатталды. Құттықтаймыз! Үйірме жетекшісі: Айдабосынов Берік.  
Асық ату және бес асықтан облыстық  жүлдегерлері
03
ақпан
2025
Асық ату және бес асықтан облыстық жүлдегерлері
Асық ату және бес асықтан облыстың құрама командасының жасақтау мақсатында, Жамбыл облысының (2009-2011 ж.т) жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатында мектебіміздің білім алушылары Кеңесбек Әсет, Еркен Мәди және Рахметлда Нұрали І орын иеленіп, 2 оқушымыз республикалық кезеңге жолдама алып, асық атудан спорт шеберлігіне үміткер атағын алды. 
2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық  кезеңі
12
желтоқсан
2024
2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық  кезеңінде "ағылшын тілі" бағыты бойынша 4 "А" сынып білім алушысы  А.Ермек  "Creating Fairy Tales with AI: A Fun Way to Learn English"  жеке жұмысымен жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.    4 "А" сынып білім алушысы Н.Сағатбек "биология, химия" бағытынан "Гидропоникалық жүйеде құлпынай өсіру: топырақсыз тәжірибе"
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған пәндік олимпиаданың  аудандық кезеңі
04
желтоқсан
2024
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған пәндік
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған пәндік олимпиаданың  аудандық кезеңіне   қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қатысқан #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының  9- сынып білім алушысы Ерланқызы Назгүл l дәрежелі дипломмен марапатталып ,облыстық кезеңде ll дәрежелі дипломға ие болды.                                Жетекшісі: Наушабаева Г