05
қараша
2025
«JuniorSkills Jambyl-2025» облыстық чемпионаты
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5 қарашада «JuniorSkills Jambyl-2025» облыстық чемпионаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылардың алуан түрлілігімен таныстыру және әрбір қатысушыға одан әрі кәсіби даму жолын таңдауға мүмкіндік беру, WorldSkills чемпионаты форматында және сол формат элементтерімен чемпионаттық қозғалысты дамыту.
Чемпионатқа Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен студенттері, мектеп оқушылары мен оқытушылары, әлеуметтік әріптестер қатысты.
Мектеп оқушыларына арналған
«JuniorSkills Jambуl-2025» облыстық
чемпионатында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9 сынып білім алушысы Кыдырбек Ұлдана "Химия-биология" бағыты "Медицина" құзіреттілігі бойынша І жүлделі орын мен бағалы сыйлыққа ие болды.
Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Ж.Алайдарова
