17
қазан
2025
"Қола домбыра" республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі
Жастар арасында айтыс өнерінің баға жетпес асыл мұра ретінде насихаттау, жан-жақты қолдау және дамыту мақсатында 2025 жылдың 16 қазан күні Тараз қаласында 10-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларына айтыс өткізілді. Қазақстан РеспубликасыОқу-ағарту министрлігі, "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Қола домбыра" республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңіне мектебіміздің 10"А" сынып білім алушысы Ерланқызы Назгүл қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Г. Наушабаева
