22
қазан
2025
Алматы қаласындағы Шекара қызметі академиясын бітіріп, қызмет етіп жүрген мамандармен 11-сынып оқушыларына арналған үгіт-насихаттық кездесу
22.10.2025 ж Мектебімізде Алматы қаласындағы Шекара қызметі академиясын бітіріп, қызмет етіп жүрген мамандармен 11-сынып оқушыларына арналған үгіт-насихаттық кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты:
Оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылымы, міндеттері, әскери мамандықтар және оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру, патриоттық тәрбие беру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету.
Кездесу барысында:
- Академияда оқуға түсу шарттары мен талаптары түсіндірілді;
- Шекарашы мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігі айтылды;
- Оқушыларға әскери өмірдің артықшылықтары мен перспективалары таныстырылды;
- Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу оқушылар үшін өте пайдалы әрі мотивациялық шара болды. Көптеген түлек осы салаға қызығушылық білдіріп, болашаққа нақты жоспар құруға ынталанды.
Жауапты: КББП. Д.Увалиева
