26
желтоқсан
2024
9-11 сынып білім алушыларымен "Адам өміріндегі еңбектің рөлі" тақырыбында сұхбат
9-11 сынып білім алушыларымен "Адам өміріндегі еңбектің рөлі" тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңы здылығын түсіндіре отырып,ерінбей еңбек етуге,еңбектің адамның табиғи қажеті екендігін ұғындыру. Сұхбат барысында мектептің кәсіптік бағдар берушісі Д.Увалиева адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болатындығы туралы айтып өтті. білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейтінін , адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алатынына көз жеткізді. Жауапты: КББП Д.Увалиева
