Жетістіктеріміз » Страница 5 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» аймақтық онлайн форматта оқыту - брифинг сессиясы
04
наурыз
2023
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» аймақтық онлайн форматта
Мектепке мұғалімдік қызмет атқару үшін алғаш келген педагогке жан-жақты қолдау, әдістемелік көмек қажет. Жоғары оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда, кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруда, өз функционалдық міндетін мінсіз атқаруда жас маманға тәлімгер көмекке келеді. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлбагира Рысбекқызы жас маман Бектас Саурамбаевқа барлық қойылатын талаптарға сай жүргізілген
Аудандық математика пәні  мұғалімдеріне   арналған  Tөленді Мустафин  олимпиадасы
03
наурыз
2023
Аудандық математика пәні мұғалімдеріне арналған Tөленді Мустафин
Ағымдағы жылдың 3 - наурызында  мұғалімдердің  шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында аудандық математика пәні  мұғалімдеріне   арналған  Tөленді Мустафин  олимпиадасына мектебіміздің математика пәні мұғалімі А.Ермекова қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!!  
«Функционалдық сауаттылық - білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарты» байқауы
28
ақпан
2023
«Функционалдық сауаттылық - білім беру сапасын жақсартудың маңызды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен орыс, қазақ, ағылшын тілдері мен жаратылыстану пәндері мұғалімдері арасында  «Функционалдық сауаттылық - білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарты» байқауы өткізілді. Заманауи платформаларды қолдана отырып әдістемелік жинақтарын жасау тәсілдері аудандық байқауына физика пәні мұғалімі Калманбетова Кумыскүл Абдикуловна қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!! 
"Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрмесіне қатысып,"Ұлттық қазына" номинациясы
28
ақпан
2023
"Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрмесіне
"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" аудандық мұғалімдер форумы аясында "Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрмесіне қатысып,"Ұлттық қазына" номинациясы бойынша 2-орын иеленген Меркі ауданы №5 Ақарал ЖОББМГ-ның Көркем еңбек пәні мұғалімі Барменкулов Асилбай марапатталды 
"ЖАҢА МЕКТЕПКЕ  - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ" атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының аудандық кезеңі
23
ақпан
2023
"ЖАҢА МЕКТЕПКЕ - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ" атты жас педагогтердің VI
 "ЖАҢА МЕКТЕПКЕ  - ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ" атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.  2023  жылдың 23 ақпан күні «Жаңа мектепке—жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Мұрат Айымбек Қайратұлы қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас ұстазымызды жүлделі орынымен құттықтаймыз!!!
"Мерейлі Меркіні жырлаймын!" атты аудандық  жас ақындар мүшайрасы
21
ақпан
2023
"Мерейлі Меркіні жырлаймын!" атты аудандық жас ақындар мүшайрасы
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні мерекесіне және Меркі ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Мерейлі Меркіні жырлаймын!" атты аудандық  жас ақындар мүшайрасына  қатысып, өзінің ерекше ақындық  талабын көрсетіп,  көрерменге әдемі жыр - шумақтарын тарту еткені үшін #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі  Жанұзақ Елдар "Ұшқыр ақы " номинациясымен марапатталды Құттықтаймыз
"Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының Президенті дипломы
20
қаңтар
2023
"Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық
Жамбыл облысының пікірсайыс қозғалысына қосқан үлесі үшін, Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының шешімі бойынша "Жамбыл облысының ең үздік пікірсайысшысы" атты Республикалық Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының Президенті дипломымен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Сауранбаев Бектас  марапатталды. 
Аудандық педагогтар арасында өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" бағыты
09
қаңтар
2023
Аудандық педагогтар арасында өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі"
Аудандық педагогтар арасында өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының "Білім беру жүйесіндегі менеджмент" бағыты бойынша  І орынды директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Байтанаева Д.М; "Психолог сандықшасы" бағыты бойынша І орынды мектеп психологы Молдобекова Р. Ю; "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша ІІ орынды математика пәнінің мұғалімі Ермекова А және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Имангалиева А.Б;  "Шығармашыл толқын" бағыты бойынша ІІ орынды Насипбекова И.У иеленді.
"І Әуезов оқулары" байқауы
28
желтоқсан
2022
"І Әуезов оқулары" байқауы
Жалпы білім беретін ұйымдардың 7-11 сынып оқушыларының арасында өткізілген аудандық ғылыми шығармашылық "І Әуезов оқулары" байқауында ұлы жазушының шығармашылық мұрасын насихаттауға үлес қосқаны үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саурамбаев Бектас алғыс хатпен марапатталды. 
"Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрме - байқауы
15
желтоқсан
2022
"Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрме - байқауы
"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" облыстық мұғалімдер форумы аясында "Шебер ұстаздар" атты шығармашыл мұғалімдердің қолөнер көрме - байқауында #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының мұғалімі  Барменқұлов Асилбай  "Ұлттық қазына" номинациясы бойынша  жүлделі   2 орынмен марапатталды.