Жетістіктеріміз » Страница 4 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Облыстық "Алау" әскери спорттық ойынының "Саптық байқау" сайысы
18
мамыр
2023
Облыстық "Алау" әскери спорттық ойынының "Саптық байқау" сайысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Қазақстан республикасының Қарулы Күштерінің 31 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 78 жылдығына арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық "Алау" әскери спорттық ойынының "Саптық байқау" сайысында №5 Ақарал жалпы орта  білім  беретін мектеп-гимназиясы 1-орын иеленді. Сонымен қатар оқушыларымыз жалпы командалық есепте 2-орынға тұрақтады. Сондай-ақ мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы
"Үздік авторлық бағдарлама - 2023" байқауының аудандық кезеңі
18
мамыр
2023
"Үздік авторлық бағдарлама - 2023" байқауының аудандық кезеңі
Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін бағдарлы оқыту қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, ғылыми-зерттеушілік ізденістегі шығармашыл педагогтерді анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізілген "Үздік авторлық бағдарлама - 2023" байқауының аудандық кезеңінде Р.Набатова ІІІ орынмен марапатталды. 
"Мамандығым - мақтанышым!" атты аудандық байқау
28
сәуір
2023
"Мамандығым - мақтанышым!" атты аудандық байқау
Меркі ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Орталықтандырылған мәдениет үйлер және клубтар жүйесі" мекемесінің ұйымдастыруымен өткен "Мамандығым - мақтанышым!" атты аудандық байқауға мектебіміздің биология пәні мұғалімі А.Мұрат қатысып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен махаббатын, жұмысқа деген құлшынысын көрсетіп, жоғары ізденімпаздығымен, талмас талабымен көзге түсіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды! 
"Кітап оқитын мектеп" атты онлайн байқауының аудандық кезеңі
18
сәуір
2023
"Кітап оқитын мектеп" атты онлайн байқауының аудандық кезеңі
Ағымдағы жылдың сәуір айында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 10 "А" сынып білім алушысы Жайлау Гүлбегім "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Оқу табысқа апарар жол" ұранымен өткізілген "Кітап оқитын мектеп" атты онлайн байқауының аудандық кезеңіне қатысып, бас жүлде иегері атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: кітапхана меңгерушісі Г. Маделиева
"Аталы ел-баталы ел!" онлайн-бейнебайқауы
14
сәуір
2023
"Аталы ел-баталы ел!" онлайн-бейнебайқауы
Меркі ауданы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында өткізілген "Аталы ел-баталы ел!" онлайн-бейнебайқауына мектебіміздің математика пәні мұғалімі Қойлыбаев Сейсенбай Адираманович қатысып  Бас жүлдеге ие болды.  
І облыстық "DIRECTOR'S CUP" дебат турнирінің аудандық кезеңі
06
сәуір
2023
І облыстық "DIRECTOR'S CUP" дебат турнирінің аудандық кезеңі
2023 жылдың 6 сәуір күні білім беру басшылары арасында ұйымдастырылған І облыстық "DIRECTOR'S CUP" дебат турнирінің аудандық кезеңінде "Прогресс" командасы І орын иеленді.  Мектеп басшысы Койшиманова Нурила Сейсембаевна "Үздік спикер" атанып, облысқа жолдама алды. Құттықтаймыз
"Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме" атты халықаралық педагогикалық оқулары және "Үздік педагогикалық өнім - 2023" байқауы
16
наурыз
2023
"Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген  "Үздіксіз педагогикалық білім беру: инновациялық парадигма, технология және әдістеме" атты халықаралық педагогикалық оқулары және "Үздік педагогикалық өнім - 2023" байқауында мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі А.Уалиева "Үздік қолөнер" номинациясы бойынша І дәрежелі диплом, бастауыш сынып мұғалімдері Г.Садирмекова "Үздік постер" номинациясы бойынша І дәрежелі
Тоғызқұмалақтан ересектер арасынан жекелей чемпионат
12
наурыз
2023
Тоғызқұмалақтан ересектер арасынан жекелей чемпионат
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен наурыз айының 7 мен 12 жұлдызы аралығында тоғызқұмалақтан ересектер арасынан жекелей чемпионат өткізілді. Чемпионатта мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Айдабосынов Берік  қатысып, "Классикалық" ойында I орынға, "Рапид" ойынында  III орынға жеңіске жетті. Мектебіміздің атынан шыққан әріптесімізге тек биіктен көрініп, жеңісті күндері көп болсын демекпіз. Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз! 
"МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ -2022" республикалық  байқауы
07
наурыз
2023
"МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ -2022" республикалық байқауы
"МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ -2022" республикалық  байқауда №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің жұмысы облыстық кезеңнен  1 орын иеленіп, Республикалық кезеңнен 3 орын иеленді. Айта кетсек, Қамқоршылық кеңесі байқауға 3 бағыт бойынша жұмыс дайындады.  Қамқоршылық кеңесінің жұмысы бойынша презентация  Атқарылған іс-шаралар бойынша бейнеролик Қамқоршылық кеңесінің  республикамыздың барлық ата аналарына арналған үндеуі. Қамқоршылық кеңесінің
ІІІ Республикалық онлайн «Шығармашыл педагог-2023» олимпиадасы
06
наурыз
2023
ІІІ Республикалық онлайн «Шығармашыл педагог-2023» олимпиадасы
Білім педагогикалық шығармашылық «U-STUDY» аймақтық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген ІІІ Республикалық онлайн «Шығармашыл педагог-2023» олимпиадасына №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясынан 60 пән мұғалімі қатысып, 47-сі І орын, 10-ы ІІ орын, ал 3-еуі ІІІ жүлделі орындар жеңімпазы атанып, мектебімізге «Үздік ұжым» аталымы бойынша марапат пен жеңімпаз Кубогы табыс етілді. Құттықтаймыз!!!