04
наурыз
2025
«Білім. Ғылым. Инновация» айдарымен «Құндылыққа негізделген, функционалды сауатты тұлға қалыптастыру - нәтижеге бағытталған білім» кәсіби шыңдалу алаңының онкүндігі
Мектепте шығармашылық топтың жетекшісі М.Бекасилованың ұйымдастыруымен жас мамандар мен жалпы ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету және педагогикалық кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында «Білім. Ғылым. Инновация» айдарымен «Құндылыққа негізделген, функционалды сауатты тұлға қалыптастыру - нәтижеге бағытталған білім» кәсіби шыңдалу алаңының онкүндігі басталды. Бұл іс-шарада мектептің 5 магистрі - Ж.Алайдарова, Б.Смайыл, Қ.Тәуекел, М.Есенаманова мен А.Аманша- педагог-зерттеуші, шебер мен сарапшылар ашық сабақ, коучингтар мен іс-тәжірибе бөлісу семинарлары өткізіледі.
04.03.2025ж. химия пәні мұғалімі, магистр Ж.Алайдарова «Химия сабақтарында оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру» атты ақпараттық сессия жүргізіп, білім алушыларды жобалау, зерттеу әдістеріне қызығушылықтарын тудыру үшін практикалық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Әр педагогтен талап етілетін YouTube каналының маңыздылығы және оны жүргізу тәртібін түсіндірді.
Жауапты: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова
