29
қаңтар
2025
4"б" сыныбында қазақ тілі пәнінен “Табыс септік” тақырыбында ашық сабақ
29.01.2025 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық “Сапалы білім беру - тиімді жоспар нәтижелі сабақтар” жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдер арасында тәжірбие алмасу, оқушылардың үздіксіз білім беру сапасын арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Н. Шаргинова 4"б" сыныбында қазақ тілі пәнінен “Табыс септік” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылармен "Бұлт" әдісі, Пазл құрастыру, "Киіз үйде не бар?" әдісі “Сәйкестендіру”, "Нысана" D-id платформасы, топтық және жеке жұмыс қолданылды. Кері байланыс "Қазына сандығы" арқылы алынды.

