14
наурыз
2025
2"б" сыныбында "Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыруға болады ма?" зерттеу сұрағы аясында
14.03.2025ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 2"б" сыныбында "Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыруға болады ма?" зерттеу сұрағы аясында 2 "Б" сынып жетекшісі А.Қайралапова математика пәнінен "Екі немесе үш амалдан тұратын санды өрнектер" тақырыбында екінші зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған жас ерекшеліктеріне сай "Орында, ойлан, есте сақта", "Құпия код", "Кім шапшаң?" әдіс - тәсілдерді және "Toy theater" платформасын қолданды. "Зерттеу жүргіз" айдарында оқушылар екі амалмен берілген санды өрнектегі амалдардың мәнін тауып, талдау жасап, өз болжамын айтты. "Дұрыс, бұрыс" ойыны арқылы кері байланыс жүргізілді. "Wordwall" палатформасының тапсырмалары арқылы сабақты қорытты. Топ модераторы: М.Бекасилова
