05
наурыз
2025
3ә сыныбында "Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға белсенді әдістер қалай әсер етеді?" зерттеу сұрағы аясында Lesson Study үдерісі
05.02.2024ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 3ә сыныбында "Білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға белсенді әдістер қалай әсер етеді?" зерттеу сұрағы аясында Lesson Study үдерісі жүргізілді. Алғашқы сабақты сынып жетекшісі И.Насипбекова математика пәнінен "Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың мотивациясын арттыруға бағытталған "Миға шабуыл", "Ақпаратты сүзу", "Инсерт", "Ойлан, топтас, бөліс" әдістері қолданылды. Сабақтан кейін оқушы үні тыңдалып, сабаққа талдау жүргізілді. Топ модераторы Ш.Ермаханбетова


