30
қаңтар
2025
4"ә" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен "Адамның табиғатқа бейімделуі. Баспана" тақырыбында ашық сабақ
30.01.2025ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық "Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі А.Даулетова 4"ә" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен "Адамның табиғатқа бейімделуі. Баспана" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылардың білімдерін кеңейту мақсатында "Word wall" платформасы, "Жеті қарақшы", "Т кестесі", "Білгенге маржан" айдары қолданылды. Сабақ барысында білім алушылар оқу сауаттылығынан тест орындады. Сабақ соңында "Менің сабақтан кейінгі әсерім" арқылы кері байланыс алынды.



