20
қаңтар
2025
“Менің еңбек жолымдағы алғашқы қиындықтар мен сәттіліктер” тақырыбында эссе
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында тәлімгер, педагог- зерттеуші Ж.Алайдарованың тәлімгерлік жұмыс жоспарына сәйкес жас маман Б.Расылханмен педагогикалық үрдіс кезінде кездескен қиындықтарын анықтау, кәсіби шеберлігінің деңгейін саралау мақсатында “Менің еңбек жолымдағы алғашқы қиындықтар мен сәттіліктер” тақырыбында эссе жазылды. Жас маманның өз білімін көтеру жоспары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
