14
қаңтар
2025
"Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында ашық сабақтар айлығының ашылуы
14.01.2025ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып және бастауыш сыныптарға сабақ беретін педагогтердің 13-31 қаңтар аралығында аудандық "Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында ашық сабақтар айлығының ашылуы өткізілді. Мектеп директоры Н.Конкабаев білім негізі - бастауышта екенін ескерте отырып, айлық барысына сәттілік тіледі. Іс-шара барысында білім алушылар танымдық ойындар ойнап, логикалық, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. 
