
2024 жылғы 25 қарашада №5 Ақарал мектеп-гимназиясында «Көркем еңбек сабақтарында жасанды интеллект платформалары арқылы цифрлық қабілетті дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты — мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру және тәжірибе алмасу болды.

Семинарда педагог-сарапшы А. Джадраев «ChatGPT платформасының тиімділігі мен мүмкіндіктері» туралы айтып, оны көркем еңбек пәнінде қолдану жолдарын көрсетті.

А. Уалиева 8 сыныпта «Қазақтың ұлттық киімдері мен ою-өрнек стилизациясы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, ұлттық киімдер мен ою-өрнектерді сабақтарында қолдану әдістерін талқылады.

Е. Бекасилов 7 сыныпта «Пирография өнері» тақырыбында ағашқа күйдіру әдісін таныстырды.
Сондай-ақ, А. Уалиева мұғалімдерге заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалану туралы коучинг-сессия өткізді. Семинар соңында қатысушылар пікірлерін білдіріп, алған білімдері бойынша өз сабақтарында енгізетін өзгерістері туралы ойларын ортаға салып, кері байланыс берді. Семинар соңында мұғалімдер сертификаттар алды.
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/1093956645517880/