20
қаңтар
2023
"Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі" тақырыбында курс
№5 ЖОББМГ 2023 жылдың 16-20 қаңтар аралығында "Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтерінің аналитикалық құзыреттілігі" тақырыбында курс ұйымдастырылды. Курсқа 20 педагог қатысып, білімдерін арттырды. Курс барысында ұстаздар аналитикалық құзыреттілігі, білім берудегі аналитика түрлері, аналитика құралдары туралы білім жинақтап, MS Excel ақпараттық құралдарын пайдалана отырып, оқу жетістіктеріне сипаттамалық, сапалық, динамикалық талдау жасауды үйренді. Аналитикалық құзыреттілік педагогтардың проблемалар мен міндеттерді шешуге, үйреншікті шаблоннан шығып, мәселеге әртүрлі көзқараспен, зерттеу қырынан қарауға үйрете алды. Курс соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Курс тренерлері: информатика пәні мұғалімі: Э. Жаксыбаева, оры тілі пәні мұғалімі Ж. Далибаева.
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/1652942475166226/