10
ақпан
2021
"Дезинфекциялық заттармен жұмыс бойынша нұсқаулық"
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында "Дезинфекциялық заттармен жұмыс бойынша нұсқаулық" негізінде 10.02.2021ж дезинфекциялық затпен жұмыс істейтін жұмыскерлерге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова мен медициналық қызметкер Ж. Тоқтағұл дезинфекциялық затпен уланған кездегі алғашқы көмек туралы практикалық жаттығу жұмыстарын жүргізді. Уланудың алғашқы белгілерінде дезинфекциялық затты организмнен шығару керектігі: теріге тиген жағдайда сумен шайып тастау, көзге тиген жағдайда 10 -15 минут бойы сумен шайып, содан кейін көзге 30 пайыздық натрий сульфаты ерітіндісінің 1-2 тамшысын тамызу, асқазанға түскен жағдайда бірнеше стакан су ішіп, осыдан кейін белсендірілген көмірдің 10-15 таблеткаларын ішіп, құсудың қажет еместігі айтылды. Уақтылы көрсетілген көмек көбіне ауыр асқынудың алдын алуға мүмкіндік беретінін, алғашқы көмекті зардап шеккен адамның жанында тұрған әр адам орындай алуы міндетке қойылды.

