11
қараша
2020
"Әл-Фараби философиясындағы бақытты адам концепциясы" тақырыбында тікелей эфир
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 2-10 сынып білім алушылары ағымдағы жылдың 11 - қарашасы күні сағат 11.00-де "Әл-Фараби философиясындағы бақытты адам концепциясы" тақырыбында тікелей эфир форматында вебинарга қатысты. Вебинарды А.Шайділдаев – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы және Т.Рахманов – Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебінің тарих-география пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері жүргізді. Тағылымы мол, тұғыры биік, жасампаздығы кең бұл іс - шарадан оқушылар мен оқытушылар өз қоржындарына сүбелі білімдерін жинактай түсті.



