23
қазан
2025
«Жол ережесі мен қауіпсіздігі» сабақтары
23-24.06.2025 ж. күндері мектепте жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-4 сынып жетекшілері мен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев «Жол ережесі мен қауіпсіздігі» сабақтарын өткізді. Іс-шара барысында білім алушыларға жол белгілері және жол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерімен таныстырып, мектепке жақын орналасқан аумақтар, сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелерінен балалардың дұрыс жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар жол ережесін сақтауға байланысты сұрақтар қойып, жауаптарын алып, өз ойларын білдірді.