
«Мектебiм, саған мың алғыс!» атты мектеп бiтipy ic-шараларын өткiзу тұжырымдамасы мазмұнында болашақ ұрпақтың бойында Отан сүйгiштiк, тәрбиелiк, шығармашылық идеологиясын арттыру мақсатында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылы 24 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұрсыналы Тоғжан Тұрсыналықызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Беркімбекова Бану Жеңісқызы, Ақарал ауылдық округінің әкімі Тасқараев Дос Болатұлы, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қатысты.

Мектеп бітіру салтанатының алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Конкабаев Ниетқали Әбдімомынұлы биылғы мектеп жетістіктерін, білім алушылардың, ұстаздардың жоғары жетістіктеріне кеңінен тоқталып өтті.
Биыл мектебімізді 36 түлек аяқтап отыр.

Мектебіміздің Алтын белгі үміткері Ибраим Нұрай және мектеп бітіруші түлектер ыстық лебіздерін жеткізіп, алғыстарын айтса, Құрманғали Әсемай өзінің мектепке, ұстаздарға деген арнауын оқыды. Мектеп іс-шарасында оқушылар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті
Ақ жол, жас түлек!
https://www.facebook.com/share/v/1F6t8KcN7s/