22
мамыр
2025
«Құқық бүзушылқ және жауапкершілік» тақырыбында дәрістер
22.05.2025ж. күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Жас сақшы" полиция көмекшілері бірқатар іс-шаралар өткізді. Мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбиені насихаттау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында дәліздерде апта сайын кезекшілік жүргізді. Атап айтсақ, оқушылардың 100% сабаққа қатысуы қадағаланды. Дәліздегі тәртіпті қадағалау кезекшілік жұмыстарын қатаң қадағалап жүргізді. Осы айдағы жұма күндері «Жас полицияларының» қатысуымен оқушылардың оқу-құралдары, ұялы телефон т.б рейдтер өткізілді. «Менің құқықтық- алаңқайым», Адам құқығы», «Сен құқығыңды білесің ба?» атты тақырыптарда құқықтық тәрбие бойынша оқушыларға баяндама оқып, кең мағлұмат берді. Сонымен қатар «Полицияның жас көмекшілері» мүшелері оқушылармен «Құқық бүзушылқ және жауапкершілік» тақырыбында дәрістер өткізді. Жас полиция көмекшілері оқушыларға заңдарды бұзбау және жауапкершілік туралы ескертулер мен кеңестер берді.
