05
ақпан
2025
7 -11 сынып білім алушыларымен «Құқық бұзушылық, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдермен және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу



Кездесудің мақсаты – білім алушыларға құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру, құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заңды құрметтеу, тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман тұлғасына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
Іс-шараға Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Беркімбекова Бану Жеңісқызы, Меркі АПБ КПБ бастығы полиция майоры Абдрашов Талғат Қанжарбекұлы, Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Тупеков Еркебулан Аяпбергенович, ЖПҚб ЮПИ полиция майоры Халықов Білімжан Маликович мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Кездесу барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткі қылмыстары, алаяқтық фактілері мен жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша да сөз қозғалды. Жиында полиция қызметкері жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы Абдрашов Талғат Қанжарбекұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі туралы, оның ішінде Әкімшілік және қылмыстық кодекстің жауапкершілікке тарту бойынша заңдары мен баптарына жеке-жеке тоқталып, толық мағлұмат беріп өтті. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
