27
қаңтар
2025
“Дара бала” жобасы аясында Қадыр Мырза Әлінің 90-жылдық мерейтойына орай “Өмірім өлеңменен өрнектелген” тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мектепшілік байқау
27.01.2025 оқу жылы N5 Ақарал ЖОББМГ қазақ тілі мен әдебиеті және тарих әдістемелік бірлестігі айлығының жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Несіпбайдың ұйымдастыруымен “Дара бала” жобасы аясында Қадыр Мырза Әлінің 90-жылдық мерейтойына орай “Өмірім өлеңменен өрнектелген” тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мектепшілік байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушыларға ақынның өлеңдерін таныту; өлеңге деген қызығушылықтарын арттырып, танымдарын кеңейту; есте сақтау қабілеттері мен сөйлеу мәнерін дамыту.
Байқау нәтижесінде марапатталғандар:
І дәрежелі дипломмен
5 “А” Талғат Нұрсауле
7 “А” Ташкенбай Балауса
